Сәлеметсіздерме:) Админ, шыгарсаныз, рахмет! Бул менин фейк страницам. Менин жасым 13-те. Коктемде бул рецептти жиберген едим, бирак ол кезде анам Пісірген еди. Осы жолы жалгыз озим пісірдім. Медовик торты♥ Дайындау уақыты: 2- 2,5 сағат. Керекті заттар: 100 гр сары май 200 гр қант 2 ас қасық бал 1 шай қасық сода 2 жұмыртқа 300-500 гр ұн Крем: 300 гр сары май 1 банка сгущенка Жасалуы: Сары майды, қантты, балды буда (водяная баня) ерітеміз. Біркелкі болғанша дейін араластырып тұрамыз. Сода қосамыз (түсі кішкене өзгереді қосқаннан кейін) Будан шығарамыз да, жұмыртқаны бір-бірден қосамыз. ӨТЕ ТЕЗ АРАЛАСТЫРАМЫЗ! Ұнды қосамыз, илейтін тесто болғанша дейін қосыңыз. Илеп, салафанға салып тоңазтқышқа 30 минутқа саламыз. Нан жазатын табаға ұн сеуіп, қамырды қойып тағы бетіне ұн сеуіп, тағы кішкене илейміз. Оны 8-9 бөлікке бөлеміз. (Мен 6 бөлікке) Кішкентай доскаға ұн сеуіп, әрбір бөлікті домалақтаймыз да, досканын үстіне қоямыз. Содан соң, торт пісіретін үлкен табамызға бірден домалақ кішкентай қамырымызды салып, оқтаумен үлкейтеміз. Ені 21 см (менікі 24см) тарелка қойып шетін кесеміз содан кейін бетін шанышқымен(вилка) түртіп шығамыз да, пешке саламыз 3- 5 минутқа.Кесілген шеттерімен саласыз! Өте тез піседі, мұқият болыңыз. ПЕШТЕН ШЫҒАРЫП, БІРДЕН ЫСТЫҚ КҮЙІНДЕ ТЕМІР ЛОПАТКАМЕН АЛАМЫЗ! ЕГЕР СУЫҒАН КЕЗДЕ ОНЫ АЛА АЛМАЙСЫЗ! Ал кесілген шеттерін сақтап қойыңыз. Крем дайындаймыз. Сары май жұп-жұмсақ болуы керек, миксермен араластырамыз. Оған сгущенка қосамыз. Енді кесілген шеттерін үгітеміз оқтаумен н\е блендерге салып. Әр бөлікке крем жағып, үгітілген шеттерді себеміз сөйтіп кете береміз. Тортты тоңазтқышқа 6-7 сағатқа қоямыз. Торт дайын!

Теги других блогов: торт рецепт медовик